Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Бақыт Сұлтанов 1971 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ ұлттық техникалық университетін және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Әр жылдары Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктеріндегі түрлі лауазымдарда еңбек етті. 2012 жылдың қарашасынан бастап қазірге дейін Қаржы министрі болып қызмет атқарды. Бүгіннен бастап Бақыт Сұлтанов - Астана қаласының әкімі.