Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі ауысты. Бұл қызметке Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев тағайындалды. Ол бұған дейін Қытай, Вьетнам, Корей елдерінде Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметтерін атқарған. 2016 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың сәуір айына дейін Дін және азаматтық қоғам министрі болды.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.