Алматы облысында жиһаз өндіретін кәсіпорын ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында жиһаз өндіретін кәсіпорын ашылды

26.08.2014
Алматы облысында жиһаз өндіретін кәсіпорын ашылды

Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылының кәсіпкерлері италиялық құрылғыларды пайдалана отырып, ағаштан сапалы жиһаз жасайтын кәсіпорын ашты.

Цех күніне 20-дан аса түрлі жиһаз өндіруге қауқарлы. Мұнда тек еуропалық үлгіде емес, ұлттық нақыштармен өрнектелген үстелдер мен ыдыс-аяқ қоятын тұрмыстық жиһаздар жасалады.

Кәсіпорын  ағаш ұсталары, жиһаз құрастырушы, ағаш жонушы, дизайнерлер сынды 20-дан астам адамды жұмыспен қамтып отыр.

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

 

Хабарламаларға жазылу