Үкімет отырысында бюджет қаржысының игерілуі пысықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет отырысында бюджет қаржысының игерілуі пысықталды

12.06.2018

«Соңғы ескерту, Президенттің алдында өздерің жауап бересіңдер». Бүгін Үкімет басшысы бюджет қаржысын уақытылы игермеген министрлер мен әкімдерге осындай ескерту жасады. Бүгін Үкіметте осы жылдың 5 айындағы бюджеттің атқарылу мәселесі қаралды. Белгілі болғандай6 5 айда 58 миллиард теңгеден астам қаржы игерлімеген. Бюджет жасақталғанда ақша сұратып, қазір тиісті рәсімдерді дер кезінде атқара алмағандардың ішінде Қорғаныс министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі және Қаржы министрліктері бар. Үкімет басшысы игерілмей тұрған қаржы көлемі 100 миллиардқа жуықтайтынын айтты. Бұл қаржыны экономикаға жұмыс істету керек. Сондықтан да, жыл соңында дейін жаратып үлгермегендерден бұл сома кері қайтарылып, өзге салаларға жұмсалатынын айтты. Үкіметте сондай-ақ, 5 айдағы әлеуметтік-экономикалық  даму көрсеткіші туралы ақпарат тыңдалды. Белгілісі, экономикалық өсім 3,9 пайызды құраған. Құрылыс саласынан өзге салаларда өсім байқалған.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Өнеркәсіпте екі өңірден басқа өңірлер өсім көрсетуде. 10 өңірде республикалық мәннен төмен өсу байқалып отыр. Ауыл шаруашылығында барлық өңірлер оң өсімді сақтап қалды. Құрылыс саласы жыл бойы біркелкі көрсетіп отыр. Құрылыс саласы бірінші тоқсанда 5,8 процентке ұлғайып, қаңтар-мамыр айларының қорытындылары бойынша 0,3 процентке нөлдік мәнге қарай жақындады.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу