Ассамблеяның қызметі мен жауапкершілігі артады. Бүгін Сенат комитетінде өзгерістер енгізілген «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» жаңа заң жобасы қаралды. Жоба аясында қолданыстағы заңға бірқатар түзетулер мен жаңадан төрт бап қосылып отыр. Бұған дейін Ассамблея Кеңесінің құрамы этномәдени бірлестік өкілдерінен құралса, алдағы уақытта тек бірлестік басшыларынан қалыптастыру ұсынылып отыр. Ал, Ассамблея Төрағасының орынбасарларын бұрынғыдай Президент емес, ротациялау ұстанымымен тағайындау қарастырылуда. Әлеуметтік мәдени-даму және ғылым комитетінің мүшелері Заң жобасын Сенаттың жалпы отырысына шығаруға бірауыздан келісім берді.
Бақытжан Жұмағұлов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Ең бастысы, бұрын этно құрылымдық келісімдерге жауапты болса, енді қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікке жауап беретін болады. Екіншіден, бұрын атқару, қаражат жағынан болсын Ассамблеяның жұмысы Келісім деген мекемеге берілген болса, ол осы жаңа заң аясына кіргізіліп жатыр. Бұл Ассамблеяның жұмысын анағұрлым жақсартуға өз үлесін қосады.
Досымжан ЕРМҰРАТ