Елбасының Жарлығымен Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды. Бұл қызметке келгенге дейін Дархан Аманұлы Парламент Сенатының депутаты болды. Ал, Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметінен босатылған Нұрлан Ермекбаев Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.
Досымжан ЕРМҰРАТ