Бүгін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиында жемқорлыққа қарсы стретегияны жүзеге асыру жөнінде жоспардың орындалуы, осы бағыттағы кіріс органдарының жұмысы сөз болды. Отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы Президент Жолдауындағы жемқорлыққа қарсы шаралар жалғасатынын жеткізді. Осыған байланысты, халықтың мемлекеттік органдармен және бизнеспен арадағы қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болмақ. Мәселен, өткен екі жылда пара алуды жою мақсатында елімізде 63 шара атқарылды. Оның ішінде 4 жаңа заң қабылданып, 20 нормативтік-құқықтық акт әзірленді.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ