Олар былтыр қаңтардан бастап өткізілген келіссөздің 8 кезеңін жоғары бағалады. Түркия, Ресей және Иран Сыртқы істер министрлері келіссөздердің нәтижесін талқылап, алдағы жоспарларын пысықтады. Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоғлы ұзақ жылдар бойы бір-бірін көрместей болып кеткен Сириядағы оппозиция мен билік Астанада бір үстел басына отырғанын лайықты бағалады. «Астана процесі арқасында Женева келіссөзі жалғасын тапты», — деді. Ресейдің Сыртқы істер ведомствосының жетекшісі Сергей Лавров өз кезегінде миллиондаған сириялықтың Астанаға үмітпен қарап отырғанын алға тартты.
Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:
- Қазақстанның аталған келіссөздерге өз алаңын ұсынуы Сириядағы қақтығысты реттеу жолындағы еліміздің, оның ішінде БҰҰ қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдары аралығындағы тұрақты емес мүшелері ретіндегі қомақты үлесі деп бағалаймыз.