Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

26.01.2018

Мемлекет басшысы Корея Республикасының президенті Мун Чже Инге көңіл айту жеделхатын жолдады. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Мирян қаласының ауруханасындағы өрт салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты. «Осынау қайғылы сәттерде корей халқымен бірге екенімізді жеткізгім келеді. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтаса отырып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

Хабарламаларға жазылу