Мемлекет басшысы АҚШ-қа жасаған ресми сапарының қорытындылары жөнінде кеңес өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы АҚШ-қа жасаған ресми сапарының қорытындылары жөнінде кеңес өткізді

22.01.2018

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына жасаған ресми сапарының қорытындылары жөнінде кеңес өткізді. Президент шетелдік компаниялармен экономикалық ынтымақтастықты нығайтып, дамыту жөніндегі міндеттерді іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, АҚШ-қа ресми сапары аясында өткізілген кездесулерді қорытындылап, қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Ел үшін, халық үшін табысты нәрселер бар. Келісімдер бар. Саяси жақтан қолдау бар. Осының бәрін пысықтап тапсырма беруіміз керек.

 

Дулат НУРКИН

Хабарламаларға жазылу