Мемлекет басшысының АҚШ-қа ресми сапары - қос елдің әріптестік байланысы тарихындағы елеулі оқиға. Оның нәтижесі бойынша Қазақстан мен АҚШ 21-ші ғасырдағы кеңейтілген стратегиялық әріптестік жөнінде бірлескен мәлімдеме жасады. Бұл маңызды құжатта екіжақты қарым-қатынастың өзекті мәселелерімен қатар, көптеген халықаралық жағдайлар бойынша мемлекеттердің көзқарасы нақтыланды. Ал, америкалық ірі компаниялардың Қазақстанмен ынтымақтастығын Ақ үй басшылығы қолдап отыр. Оған дәлел - Елбасы сапары кезінде құны 7 млрд. доллар болатын келісімге қол қойылды.
Ержан Ашықбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:
- Сапар нәтижелері бойынша мәлімдемеде де байқалып отырғандай халықаралық экономикалық ұйымдар аясында да ынтымақтастықты жандандыруға уағдаластыққа қол жеткізілген болатын.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ