Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде арнайы баяндама жасайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде арнайы баяндама жасайды

18.01.2018

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтоннан Нью-Йоркке ұшып барды. Президент бұл жақта бірнеше кездесу өткізеді деп жоспарланған. Ал, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде ұйымдастырылатын ядролық қарусыздану және сенім шараларын нығайту жөніндегі басқосуда Нұрсұлтан Назарбаев арнайы баяндама жасайды. АҚШ сарапшылары Қазақстан көтеріп отырған өзекті мәселелерді қолдап отыр. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың баяндамасына үлкен үміт артуда. Өйткені, екі жыл бұрын Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте қазақ көшбасшысының соғыссыз, зорлық-зомбылықсыз болашақ құруға шақыратын «Әлем 21 ғасыр манифесі» xалықаралық мінберлерде жан-жақты талқыланған еді. Тіпті, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі манифестке ресми құжат мәртебесін берді.

Дэвид Уивер, БҰҰ жанындағы Әлемдік саясат форумы төрағасының кеңесшісі

- Қазақстанның әлемдегі бейбітшілікке қосқан үлесін ерекше атап өткім келеді. Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу және қуаты жөнінен төртінші зымырандық-ядролық арсеналдан бас тарту туралы шешімін бүкіл жер шары біледі және қолдайды. Қауіпсіздік кеңесте де Қазақ елінің көтеріп отырған мәселелері өзекті. Президенттің Қауіпсіздік кеңесінде өтетін брифингке жеке қатысуы Қазақстанның аталған жаһандық мәселеге ерекше назар аударатындығын білдіреді.

 

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу