Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесі Марат Сәрсембаев пен Владимир Фоос қызметтерін мерзімінен бұрын тоқтатты. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин жаңадан мүшелікке Зәуреш Баймолдина мен Наталья Годунованың кандидатураларын ұсынды. Депутаттар екі кандидатураны да қолдап, дауыс берді. Әділет министрінің орынбасары қызметін абыроймен атқарған Зәуреш Баймолдина заң ғылымдарының кандидаты және көптеген құқықтық еңбектердің авторы. Ал, Наталья Годунова бұған дейін «Нұр Отан» партиясының хатшысы қызметін атқарған.
Индира БЕГАЙДАР