Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Заң Мемлекет басшысының заң шығару бастамасы тәртібінде қабылданды және Қылмыстық-процестік кодекске, «Жедел-iздестiру қызметi туралы» және «Прокуратура туралы» заңдарға түзетулерді көздейді. Заңға енгізілген осы өзгерістер негізінде Сенат депутаттарының келісімі бойынша атқарылатын бірқатар ауыс-түйістер болды.
Бүгін Сенатта Мемлекет басшысының қатысуымен өткен жиында үш мәселе қаралды. Олар: ҚР Жоғары сотының Төраға орнын босату туралы, ҚР Жоғарғы сотының төрағасын сайлау туралы және Бас Прокурорды тағайындауға келісім беру туралы.
«Құқық қорғау қызметінің процестерін жетілдіру үшін кадрлық басқару қызметіне де өзгерістер қажет болды», - деді Елбасы өз сөзінде.
Енді осы Бас Прокурордың орнына Елбасы Қайрат Қожамжаровтың кандидатурасын ұсынды. Ал, агенттік төрағасына бұрын осы ведмство басшысының орынбасары болған Алик Шпекбаев тағайындалды. Ал, Жоғарғы сот пен Бас прокурор қызметіне Президент ұсынысы Сенат депутаттарымен мақұлданды.
Жаңа қызметке тағайындалғандар Мемлекет басшысы және Сенат депутаттары алдында ант берді.
Елбасы құқық қорғау органдарының жаңа басшыларына алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, нақты міндеттемелерді айқындап берді.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ