Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның жобасы келісілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның жобасы келісілді

05.12.2017

Бұл шешім Мәскеу қаласында өткен Каспий жағалауы елдері Сыртқы істер министрлерінің 7-ші отырысында қабылданды. Осылайша, 20 жылдан бері талқыланып келе жатқан Каспийдің мәртебесі туралы күрделі мәселе көп кешікпей шешілуі мүмкін. Ол үшін келер жылы біздің елде өтетін 5-ші Каспий саммитінде Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Түрікменстан және Иран Президенттері бұл конвенцияны түпкілікті бекітуі тиіс. Сонымен қатар, Мәскеудегі кездесуде 5 мемлекеттің сыртқы саяси ведомство басшылары Каспий өңіріндегі қауіпсіздік, тұрақтылық және әлеуметтік – экономикалық даму мәселелерін қамтитын түрлі саладағы ынтымақтастық жайын да пысықтады.  

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның жобасы бойынша біз бүгін келісімдерге қол жеткіздік. Каспий жағалауы елдері басшыларының 5-ші саммиті Қазақстанда ұйымдастырылатыны жөнінде бүгін уағдаластыққа жетіп отырмыз. Жақын арада сарапшылар осы Каспий конвенциясы мәтінін дайындау бойынша өздерінің техникалық жұмыстарын жалғастырады.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу