Оған екі елдің билік өкілдері, қоғам белсенділері қатысты. Тікелей байланыс барысында бауырлас мемлекеттердің алдағы қарым-қатынасы талқыланды. Тараптар бұған дейінгі болған кедергілер мен мәселелер оң шешімін тауып, ынтымақ беки түсетуіне ниетті. Алдағы уақытта қырғыз-қазақ байланысы сан сала бойынша реттеліп, одан әрі дами түсуі тиіс. Онлайн отырыста ортаға салынған орамды ой осындай.
Владимир Тельнов, «Нұр Отан» партиясының қоғамдық саясат институтының бас сарапшысы:
- Еуразия - жаңа экономикалық дамудың орталығына, жаңа экономикалық күшке айналып келе жатыр. Егер біз осы тұста бір-бірімізге кедергі жасасақ, онда тұтас Азияның, яғни, ортақ экономиканың дамуына да кері ықпал етеміз. Сол себепті, көршілес мемлекеттер ынтымақты арттыруы тиіс.
Азамат БЕЙБІТҰЛЫ