Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова бірнеше мемлекеттің Елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова бірнеше мемлекеттің Елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

27.11.2017

Қазір Қазақстанмен барлық салада байланыс орнатуға әлемнің кез келген елі мүдделі. Бізден тым алыс жатқан Латын Америкасындағы елдер соңғы бірнеше жылдан бері Қазақстанмен арадағы байланыстарын күшейте түсті. Бүгін сенім грамоталарын тапсырған алты елдің екеуі - мұхиттың арғы бетіндегілер. Олар: Панама және Перу Республикасы. Одан басқа, Мали, Гвинея және Хорватия Елшілері де сенім құжаттарын берді. Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова барлық Елшілермен жеке кездесіп, елдер арасындағы ынтымақ пен экономикалық байланыс жайын талқылады. Мәселен, Қазақстан Хорватияны Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы маңызды әрі сенімді серіктес ретінде танитынын атап өтті. Қазақстанда шамамен хорватиялық 30 компания жұмыс істейді. Елдер арасындағы тауар айналымы биылғы тоғыз айда 301 млн. долларға жеткен. 

Тончи Станичич, Хорватияның Қазақстандағы Төтенше Және өкілетті Елшісі:

- Мемлекеттік хатшымен әңгімелесу барысында екі елдің арасындағы өзара қарым-қатынастың дамуына көңіліміз толатынын айттық. Дегенмен, адамның әр уақытта да қалауы таусылмайды. Әр кезде мұнан да жақсы болуға тырысады. Келесі жылы Астанада Хорватияның Елшілігі ашылып қалуы мүмкін. Бұл - маңызды оқиға. Екі елдің Үкіметтері арасында тиісті шешім қабылданған.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу