Мәжіліс депутаттары «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекс жобасын мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекс жобасын мақұлдады

08.11.2017

Онда жер қойнауын пайдаланушылар мен инвесторлар үшін рәсімдерді барынша жеңілдету ұсынылып отыр. Отырыста баяндама жасаған Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің  мәлімдеуінше, Кодекс жобасы - жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысында кездесетін кедергілерді жойып, саланың құқықтық базасын жетілдіруге, халықаралық стандарттарға өтуге және инвестициялық климатты жақсартып, салаға тікелей шетелдік инвестициялар тартуға бағытталған. Елімізде барлау жұмыстарын жүргізу үшін лицензия алу немесе келісімшарт құжаттарын рәсімдеуге бұрын 12 айдан 18 айға дейін уақыт кететін болса, енді оған тек 10-12 күн жұмсалады. 

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика бiрiншi вице-министрi:

- Ешкім қолдаусыз қалмайды. Жұмыс уақытша тоқтап, жергілікті бюджетке шығын түскен күннің өзінде біз қазір жұмыс істеп жатқан механизм арқылы бұл мәселені шешеміз. Бұл мақсатты қаржы аударымдары, жедел шара немесе жүйелі шара жүзеге асырылады. Яғни, сол елді мекенді моноқалалар бағдарламасына және өзге де бағдарламаларға қосамыз.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу