Елбасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

06.11.2017

Мемлекет басшысы Дін істері және азаматтық қоғам министрін қабылдады. Нұрлан Ермекбаев Президентке азаматтық қоғамдағы қазіргі жағдай мен дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев ведомствоның жаһандағы және өңірдегі сын-қатерлер аясында атқарып отырған жұмыстарының өзектілігін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, министр діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, еріктілермен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жұмыстардың нәтижелерін айтты. Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев министрлікке нақты тапсырма жүктеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Министрлік құрылғалы біршама уақыт өтті. Қазіргі жағдайда министрліктеріңіздің жұмысы еліміз үшін аса маңызды. Саяси ахуал үшін. Діндерге бірегей қарау керек. Қандай жұмыстар жасалып жатканын баяндау үшін шақырдым.

Нұрлан Ермекбаев, Дін істер және азаматтық қоғам министрі:

- 3 басты бағыт бекітілді. Жастар саясатын қалыптастыруға қатысы. Жұмыс барысында қосымша міндеттер жүктелді. Қоғамды кеңестермен жұмысты үйлестіру. Қайырымдылық қызметін үйлестіру.

Хабарламаларға жазылу