Сенаторлар бірқатар құжаттарды бекітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенаторлар бірқатар құжаттарды бекітті

26.10.2017

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан мен Сауд Арабиясы корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру» туралы келісімді бекітті.

Заң жобасын отырысқа қатысқан 45 Сенатор бірауыздан қолдап, Қазақ елі мен корольдік арасындағы келісім тарихи жетістік екенін айтты. Өйткені, мұндай уағдаластыққа ТМД елдері ішінен бірінші болып біздің ел қол жеткізіп отыр.

Айта кету керек, сөз болып отырған келісімдер Мемлекет басшысының былтыр Эр-Риядқа жасаған сапары кезінде жүзеге асты. Отырыс барысында, екі ел өзара қылмыскерлерді «ұстап беру» туралы  құжатты да ратификациялады. Сонымен қоса, Сенаторлар Қазақстан Республикасы мен Азия даму банкі арасындағы келісім хатты бекітті.  

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу