Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 25 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 25 жыл

23.10.2017

Осыған орай, Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады.

Біздің мемлекетаралық қарым-қатынастарымыз 2013 жылғы 11 қарашадағы «ХХІ ғасырдағы тату көршілестік пен одақтастық туралы» екіжақты шарттың аясында және соның ережелеріне сай дамып келе жатқаны қуантады. Елдеріміз арасындағы Еуразиялық экономикалық одақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Шанхай ынтымақтастығы Ұйымы, Біріккен ұлттар Ұйымы және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы ынтымақтастық Астана мен Мәскеудің сенім мен өзара түсіністікке негізделген стратегиялық әріптестігін дамытудың маңызды бөлігі болып саналады. Мен арамызда қалыптасқан шынайы жеке қарым-қатынасты да жоғары бағалаймын. Бұл ретте, ынтымақтастығымызды одан әрі нығайту бағыты халықтарымыз тарапынан кеңінен қолдау тауып отырғаны маңызды.

 

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу