Грекия мен Қазақстан барлық салада ынтымақты арттыруға мүдделі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекия мен Қазақстан барлық салада ынтымақты арттыруға мүдделі

23.10.2017

Бұл туралы тараптар Афинадағы «Қазақстан-Грекия» парламентаралық достық тобының отырысында мәлімдеді. Жиынға қазақстандық делегацияны осы достық тобының тең төрағасы, Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Абай Тасболатов бастап барды. Қазақстандық депутаттар грекиялық әріптестеріне Парламенттің құзіреті кеңейгенін, Қазақстанның үшінші жаңғыру кезеңіне көшкенін баяндады. Эллада елінің депутаттары қазақ жеріндегі соңғы саяси реформаларға жоғары бағаларын берді. Сондай-ақ, Грекия парламентарийлері «Еуропалық Одақ пен Қазақстан» арасында былтыр бекіген кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді жақын арада ратификациялауға уәде етті.

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу