2030 жылға дейін заманауи саясаттағы әйелдердің рөлін 30 пайызға жеткізу керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2030 жылға дейін заманауи саясаттағы әйелдердің рөлін 30 пайызға жеткізу керек

11.10.2017

Елбасының осы тапсырмасын жүзеге асырудың жолдарын талқылау мақсатында елордада бір топ нәзік жандылар бас қосты. Жиында әйелдердің саяси рөлін арттырудың амалдары қарастырылды. Нәзік жандылар мұндай жұмыстарды орта және жоғары оқу орындарынан бастау керектігін айтты. Елімізде 50 мыңнан астам мемлекеттік қызметкерлер жұмыс істейді. Шағын және орта бизнестің 50 пайызын әйелдер игеріп отыр. «Сондықтан да қай сала болмасын, шаруаны дөңгелетіп әкететін әйелдер қауымын ең бастысы қолдау қажет», - дейді халық қалаулысы. 

Майра Айсина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Саясат жағынан, мемлекет жағынан әйелдерді қолдап отырсақ, екінші жағынан әйелдердің өздеріне де байланысты. Бүгінгі жиналып отырған дөңгелек үстеліміздің мақсаты да сол. Бір-бірімізді қолдауымыз керек. Сөзімізді де, ісімізді де. Өмір өзі талап етіп тұр қазір.

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу