«Еврокристалл» зауытында түссіз және жасыл түсті бөтелкелер мен құтылар әзірленеді. Сапалы өнімге ішкі нарық пен Қырғызстаннан тапсырыстар келіп түседі. Жылына 200 млн. дана шыны құты шығаруға қауқарлы кәсіпорында 350 адам жұмыспен қамтылған. Мұнан соң Үкімет басшысы керамогранит өндірісімен айналысатын «Зерде-Керамика» кәсіпорнында болып, елімізде баламасы жоқ өнім түрлерін көрді. Кәсіпорын жылдың соңында екінші желісін іске қосып, өнім көлемін 2 миллионнан 4-5 млн. шаршы метрге жеткізбек.