Ведомство жетекшісі Президентке еліміздің қорғаныс саласының қазіргі ахуалы мен министрлік жұмысы жайында есеп берді. Сондай-ақ, Сәкен Жасұзақов Жоғарғы Бас қолбасшыға «Қаратау-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының қорытындысы туралы баяндап, оны өткізу барысында өңірлік қолбасшылыққа қарасты әскери барлау-басқару жүйесінің қолданылғаны жөнінде ақпарат берді.