Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

25.09.2017

Мемлекет басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастық жайын талқылап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді пысықтады. Ресей президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қыркүйектің 14-і мен 15-і күндері Сирияға қатысты алтыншы халықаралық кездесудің Астанада табысты өтуімен құттықтады. Сондай-ақ, Владимир Путин Мемлекет басшысын Сириядағы қақтығысты реттеу үшін Ресей жағынан атқарылып жатқан шаралар жөнінде хабардар етті. Тараптар Астана процесін жалғастырудың маңызды екенін ерекше атап өтті.

Бұдан бөлек, Президенттер алдағы уақытта болатын кездесулер кестесін, соның ішінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес пен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне дайындық барысын қарастырды. Екі ел көшбасшылары екі жақты өзара іс-қимылдың барлық мәселелері бойынша тұрақты диалогты жалғастыруға уағдаласты.   

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.

 

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу