Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ташкенттегі мемлекеттік сапары барысында қос ел президенттері осындай келісімге келді. Жалпы, көрші мемлекеттегі билік транзитінен соң елдің саяси-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы тыныс-тіршілігі біршама өзгерді. Өзбекстанның жуырда жариялаған жаңа қаржы валюталық тәртібі мен ашықтық саясаты осының дәлелі. Бұл процестерді барынша тездету үшін Өзбекстан іргедегі елдермен әріптестікті арттыруға мүдделі. Бірінші кезекте Қазақстанмен қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығару. Себебі, Қазақстан - өңірдегі экономикасы дамыған, транзиттік әлеуеті үлкен ел. Сондықтан да, Қазақстан мен Өзбекстан президенттері екі ел үкіметтеріне алыс-беріс, сауда–саттық көлемін 2020 жылға дейін 5 миллиард АҚШ долларына жеткізуді тапсырды.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ