Сирия шиеленісін шешу үшін Астанаға алтыншы рет жиналған кепіл мемлекеттердің өкілдері осы жолы нақты бір шешім қабылдауы тиіс. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Дәл қазір елордада пленарлық отырыс өтіп жатыр. Бұл алқалы жиыннан кейін Сириядағы қақтығыс ошақтарының ауқымын азайтуды қадағалау бойынша келісім жасалуы мүмкін.
Альбина ӘШІМ