Алдағы үш жылдың ішінде әлеуметтік салаға бөлінетін қаржы ұлғаяды. Бүгін Мәжілісте 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы таныстырылды. Оған сәйкес, бюджет жобасы әлеуметтік бағытты сақтайды. Тіпті бұл салаға арналған қаржы шығыстардың жалпы көлемінің 44,5 пайызына жетпек. Бюджет тапшылығы 2019 жылы жалпы ішкі өнімге 1 пайызға дейін біртіндеп төмендейді. Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферт келесі жылы 2 трлн. 600 млрд. теңге болмақ. Республикалық бюджет шығыстары 2018 жылы 9217,9 млрд. теңге болуы мүмкін.
Индира БЕГАЙДАР