Бюджет туралы заң жобасы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бюджет туралы заң жобасы талқыланды

29.08.2017

Теңгенің долларға қатысты бағамы 340 болады деп болжанып отыр. Бұл туралы бүгін Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Үкімет отырысында 2018-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ұсынған министр ел экономикасы жыл соңына дейін 3,4 пайызға өсетінін жеткізді. Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов та оң нәтиже болатынына сенімді. Бүгін ол Үкімет мүшелерін үшжылдық бюджеттің жобасымен таныстырды.

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу