АҚШ-тың Ресейге салған санкциялары Америка мен Қазақстан арасындағы мұнай-газ жобаларына әсер етпеуі тиіс. Бұл туралы АҚШ-тың Энергетика министрінің орынбасары Дэн Бруйетпен кездесу барысында Қанат Бозымбаев хабарлады. Саладағы әріптестікті нығайту мақсатында тараптар ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойды. Енді осы келісімді жүзеге асырып, энергетика саласындағы ортақ жобаларды құру үшін Дэн Бруйет Қанат Бозымбаевты Вашингтонға іссапарға шақырды.
Елдос САПАРҒАЛИ