РФ үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев «ЭКСПО-2017» көрмесінің жоғарғы деңгейде ұйымдастырылғанын айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

РФ үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев «ЭКСПО-2017» көрмесінің жоғарғы деңгейде ұйымдастырылғанын айтты

14.08.2017

Нұрсұлтан Назарбаев мұндай басқосудың экономиканың қазіргідей заманында аса маңызды екеніне тоқталды. Дмитрий Медведев Мемлекет басшысына Еуразиялық экономикалық одақ аясында ынтымақтасудың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтып, Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты қарым-қатынастың одан әрі дамуына сенім білдірді. Сондай-ақ, кездесуде Ресей премьері «ЭКСПО-2017» көрмесі жоғарғы деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Хабарламаларға жазылу