Кездесуде Үкіметтің 7 айдағы жұмысының қорытындысы айтылды. Нұрсұлтан Назарбаев ел дамуының экономомикалық көрсеткішінің жоғары екендігін атап, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды табысты іске асырудың маңыздылығына тоқталды. Мемлекет басшысына 7 айдағы экономиканың негізгі көрсеткіштеріне қатысты деректермен танысты. Сондай-ақ, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі жайлы білді. Өткен жылдың дәл осы уақытындағы көрсеткішке қарағанда 3,7 пайыздық өсім байқалады. Бақытжан Сағынтаев Индустриаландыру бағдармасы туралы баяндап, алғашқы тоқсан нәтижесі бойынша 31 жоба іске асқандығын атап өтті. 10 мың жұмыс орнын ашатын тағы 100 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ