Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Ақмола облысында болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Ақмола облысында болды

04.08.2017

Үкімет басшысы бірнеше ауылшаруашылық, өндірістік және туристік нысандарды аралап, маңызды кездесулер өткізді. Бүгінде еліміз қызмет көрсету сапасын жетілдіруге басымдық беріп отыр. Бұл ретте Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту арқылы туризмді түлету көзделген. Жиында шетелдік демалушыларды Бурабайға тарту бағытында атқарылып жатқан шаруалар баяндалды. Бірқатар мемлекетпен визасыз режим уақыты ұзартылған. Инфрақұрылым да әлдеқайда жақсарған. Қазір курорттық аймақты дамытуға арналған кешенді жоспардың үшінші кезеңі жүзеге асуда. Облыстық әкімдік Бурабайды «ЮНЕСКО»-ның табиғи парктерінің қатарына қосуға барынша күш салуда. Өңірде жыл сайын туристік нысандар көбейіп келеді. Дегенмен, олардың бағасы мен қызмет көрсету сапасы әлі де көңілге қонымды емес.

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу