Сергей Громов Франция елінің сенаторымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сергей Громов Франция елінің сенаторымен кездесті

28.07.2017

Бүгін Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Сергей Громов Франция Сенатының депутаты Ив Поццо ди Боргомен кездесті. Мәртебелі мейман «Франция-Орталық Азия» достық тобының жетекшісі. Кездесу барысында Қазақстан экономикасын әртараптандыру және елімізде ғылыми әлеуеті зор, жоғары технологиялық және экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту жөніндегі ірі жобаларды іске асыру жайы сөз болды. Сондай-ақ, француз бизнес өкілдерінің Қазақстан нарығындағы қызметі кеңінен талқыланды. Өз кезегінде, Громов француз бизнес қауымдастығын ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі негізінде ашылатын БҰҰ аясындағы «Жасыл» технологиялар мен инвестициялар орталығының, Жаңа технологиялар паркінің, Астана халықаралық қаржы орталығының жұмысына қатысуға шақырды.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу