Бүгін Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Сергей Громов Румынияның Сыртқы істер министрі Теодор Мелешкану бастаған делегацияны қабылдады. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығына қатысты ауқымды мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар, Сергей Громов «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысқаны және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жылдары тұрақты емес мүше болуда Қазақстанды қолдағаны үшін румын халқына алғыс айтты. Кездесу соңында қос елдің делегаттары халықаралық терроризммен, діни экстремизммен, есірткі саудасымен және басқа да қауіп-қатерлермен күресте ауқымды халықаралық шараларда бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.