Келесі жылы жаңа жалақы жүйесі пилоттық режимде енеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келесі жылы жаңа жалақы жүйесі пилоттық режимде енеді

21.07.2017

Келесі жылы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Алматы облысының әкімдігінде және Әділет министрлігінде жаңа жалақы төлеу жүйесі енгізіледі. Бұл туралы аталған агенттіктен хабарлады. Пилоттық жоба келесі жылы басталады. Ол бойынша еңбекақы төлеудің екі негізгі бағыты болады.

Біріншісі - жұмыс өтілі мен санатқа сай негізгі жалақы және екіншісі - бонустық жүйе. Бонустық жүйеде мемлекеттік қызметкердің тоқсан сайын жетістігі бағаланып, жыл соңында ортақ бағасы шығарылады. Онда төрт түрлі бағалау тәсілі болады. Егер ең жоғары деп саналатын  «тамаша» немесе «тиімді» деген баға берілсе, сол қызметкерге бонус төленеді. Құзырлы мекеме соңғы жылдары мемлекеттік қызметке деген сенім айтарлықтай артқанын айтады.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу