Мемлекет басшысы еліміздің Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы еліміздің Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрін қабылдады

11.07.2017

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев ведомствоның қызметі жайында әңгіме қозғап, мақсат пен міндеттерге тоқталды. Мемлекет басшысы министрліктің мақсаты - озық ғылыми-техникалық жетістіктер негізінде, Қазақстан әскері үшін қару-жарақ жасау, аэроғарыш қызметін дамыту, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету екеніне назар аударды. Ал, министр Бейбіт Атамқұлов осыдан бір жыл бұрын құрылған ведомство жұмысының нәтижесі мен осы саладағы жоспарлары жөнінде баяндады. Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев министрге қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен аэроғарыш қызметін одан әрі дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Хабарламаларға жазылу