ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясы. Еліміз үшін маңызды құжат Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерейтойы қарсаңында яғни, 2016 жылдың 23-қарашасында Парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылданды. Онда Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құру тарихына баға беріліп, осы бағыттағы миссияны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сәтті орындап шыққаны анық көрсетілген. Декларацияның түпкі мән-мазмұны – Тәуелсіздіктің Ұлы Жолының мәңгі болуы. Осы ретте депутаттар егемен ел болып қалыптасудағы Тұңғыш Президенттің өлшеусіз еңбегі үшін Астанаға Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынды.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ