Депутаттар ауыл шаруашылығы саласын сынға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар ауыл шаруашылығы саласын сынға алды

15.06.2017

2016 жылғы бюджеттің орындалуын талқылау барысында Парламент Сенатының депутаттары аграрлық саладағы мәселелерді көтеріп, сын айтты. Жыл сайын қазынадан қомақты қаражат бөлініп жатқанымен, нәтиже көңіл көншітпейді. Есеп комитетінің мәліметіне сүйенсек, өткен жылы ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі 29 пайызға артқан. Алайда, өндірістегі өсімге тиімді теxнологиялардың есебінен емес, егістік алқаптарды және мал басын көбейтудің арқасында қол жеткізілген. Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік бағдарлама ел үшін тиімді болуы керектігін айтты. 

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу