Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов пен ІІМ Қалмұханбет Қасымовты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов пен ІІМ Қалмұханбет Қасымовты қабылдады

15.06.2017

Елбасыға өткен 5 айда құқық қорғау саласында атқарылған жұмыстар баяндалды. Жалпы алғанда еліміздегі қылмыс деңгейі былтырғы жылмен салыстырғанда 16 пайызға төмендеген. Ал, қылмыстың ашылу көрсеткіші 60 пайыздан 70 пайызға дейін жоғарылап отыр. Биыл 26 мың адамға амнистия жарияланып, оның 1200-і бостандыққа шықты.

Президент тиісті ведомства басшыларына құқық қорғау саласында жұмыс сапасын арттыруды тапсырды. Елбасы Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің ашылуында тиісті қауіпсіздікті қамтамасыз еткені үшін құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлеріне ризашылық білдірді. Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Хабарламаларға жазылу