Елбасыға «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылу қарсаңында қауіпсіздік мәселесі бойынша есеп берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасыға «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылу қарсаңында қауіпсіздік мәселесі бойынша есеп берілді

05.06.2017

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовты қабылдады. Кездесу барысында Елбасыға «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылу қарсаңында қауіпсіздік мәселесі бойынша есеп берілді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті өзге де құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, қауіпсіздікті күшейту мақсатында біршама жұмыстар атқарған.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық көрме кезінде және осы жоба барысында өтетін барлық халықаралық шаралардың қауіпсіздігі толықтай бақылауда болу керектігін тапсырды.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу