«100 қадам», «Нұрлы жол», «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында атқарылған жұмыстар халықтың назарынан тыс қалмауы тиіс. Ол үшін бұқаралық ақпарат құралдары насихат жұмысын дұрыс жүргізуі керек. Бүгін Мемлекет басшысы еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрін қабылдап, осындай тапсырмалар жүктеді. Дәурен Абаев өз кезегінде министрлікте атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып берді.
Шынар АСАНҚЫЗЫ