2017 жылдың алғашқы 4 айында экономиканың басым салаларында өсім байқалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2017 жылдың алғашқы 4 айында экономиканың басым салаларында өсім байқалды

16.05.2017

2017 жылдың алғашқы 4 айында елімізде инфляция төмендеп, экономиканың басым салаларында өсім байқалды. Бұл туралы Үкіметте өткен кеңесте Ұлттық экономика министрі  Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл көрсеткіш жыл бойы сақталмауы мүмкін. Себебі, жылдағы есеп бойынша, алғашқы 5 айда Ішкі жалпы өнім үнемі құлдырайды. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев министрліктерге өсім қарқынын сақтап қалу үшін жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, бүгінгі жиында мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдау мәселесі қаралды. Оларды жұмыспен қамту, қоғамдық көліктерде емін-еркін қатынау, әртүрлі іс-шараларға белсене қатыстыру аса маңызды.  Үкімет басшысы облыс әкімдеріне  осы тапсырмаларды жүктеді.

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу