Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» Акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысына холдингтің жұмысы туралы есеп беріліп, оны бұдан әрі дамыту жоспарлары таныстырылды. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін холдингке бөлінген қаражатты уақтылы әрі сапалы игерудің маңыздылығын атап өтті. Қазақстан Президенті индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы мен «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасының орындалуына қатысты мәселелерге арнайы тоқталды.
Бақытжан ОМАР