Мемлекет басшысы Францияның жаңадан сайланған президентіне құттықтау жеделхатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Францияның жаңадан сайланған президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

08.05.2017

Мемлекет басшысы Францияның жаңадан сайланған президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Нұрсұлтан Назарбаев Эмманюэль Макронды сайлаудағы жеңісімен шын жүректен құттықтады. Президент биыл Қазақстан мен Франция арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толатынын атап өтті.

«Франция халқы Сізге дауыс беру арқылы өзіңіз жариялаған, елдің қарқынды дамуына бағытталған өзгерістерді қолдайтынын көрсетті. Сіздің басшылығыңызбен Франция өркендеу жолында жаңа табыстарға қол жеткізетініне кәміл сенемін. Өзара іс-қимылымыз өрістеп, стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілгенін мақтан тұтамыз.

Сізбен және Франция үкіметімен ортақ мүдделі мәселелер жөнінде жаңашылдық пен талпыныс рухында бірге жұмыс бастауға дайынбыз. Жан-жақты ықпалдастығымыз халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі нығая береді деп үміттенемін», делінген жеделхатта.

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу