Президент Қаржы министрлігіне үш міндет жүктеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қаржы министрлігіне үш міндет жүктеді

24.04.2017

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қаржы министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады. Министр Мемлекет басшысына қаржылық тұрақтылықты сақтау, тексерістерді қысқарту және кәсіпкерлік секторға түсетін ауыртпалықты азайту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу жүйесін,  мемлекеттік аудит жұмысын жетілдіру барысын мәлімдеді. Өз кезегінде Елбасы бюджетті толықтырудың қосымша тетіктерін және мемлекеттік қарыздың қауіпсіз параметрлерін  қалыптастыруды тапсырды. Ұлттық қорды ұлғайту қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, министрліктің алдында тұрған нақты үш міндетті айқындап берді. 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу