Елбасы Еуразия даму банкіне Қазақстан үшін несиені теңгемен беру мүмкідігін қарастыруды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Еуразия даму банкіне Қазақстан үшін несиені теңгемен беру мүмкідігін қарастыруды ұсынды

24.04.2017

Мемлекет басшысы Еуразия даму банкі басқармасының төрағасын қабылдады. Кездесуде Дмитрий Панкин  Елбасына банктің алдында тұрған міндеттері мен интеграциялық жобаларды қаржыландыру жөнінде баяндады. Сондай-ақ, банктің несие қорының қазіргі ахуалы жөнінде мәлімет берді. Дмитрий Панкиннің айтуынша, қор көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда айтарлықтай артқан. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия даму банкінің негізгі құрылтайшылары Қазақстан мен Ресей екенін айтып, банк Еуразиялық экономикалық одақтың мүддесі үшін құрылғанын еске салды. Мемлекет басшысы банк жұмысының таңдаған бағытын оң бағалап, Қазақстан үшін несиені көбіне теңгемен беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Б ОМАР

Хабарламаларға жазылу