Президенттер Еуразиялық экономикалық одақтың болашағын талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттер Еуразиялық экономикалық одақтың болашағын талқылады

16.04.2017

Еуразиялық экономикалық кеңестің жоғары жиыны биыл алғаш рет өтті. Былтыр интеграциялық ұйым тізгінін ұстаған Қырғыз Республикасының басшысы әріптестерін «Ала-Арча» резиденциясында күтіп алды.  

 

Әлемді шарпыған дағдарысқа қарамастан, қауіп-қатерлерге төтеп беріп келе жатқан ұйыммен байланыс орнатқысы келетін мемлекеттердің қатары артқан. Мәселен, биыл Молдова Республикасы ұйымға бақылаушы ел мәртебесін алу үшін өтініш жасады. Мемлекет басшылары шағын құрамдағы басқосуда осы мәселені жан-жақты талқылап, өтінішті бірауыздан мақұлдады. Кейінгі кездесу кең құрамда жалғасты. Президенттер Еуразиялық экономикалық одақтың болашағын талқылады. Ұйым аясындағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті жайттары, халықаралық ынтымақтастық пен Еуразия кеңістігіндегі интеграция мәселесі де сөз болды. Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық одақтың  құрылған  уақыттан бергі қол жеткізген жетістіктерін атап өтті. «Жылдан-жылға өрісі кеңейіп келе жатқан ұйымға бүгінгі күні қызығушылық жоғары»,- деді Мемлекет басшысы.

 

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу