Бейбіт Атамқұлов Мемлекет басшысына «Қазақстанның киберқалқаны» тұжырымдамасын әзірлеу барысы туралы баяндады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейбіт Атамқұлов Мемлекет басшысына «Қазақстанның киберқалқаны» тұжырымдамасын әзірлеу барысы туралы баяндады

12.04.2017

Бүгін Елбасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловты  қабылдады Кездесу барысында Қазақстан Президентіне министрліктің қазіргі қызметі, қорғанысқа арналған мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және ақпараттық қауіпсіздік саласында атқарылып жатқан жұмыстар, сондай-ақ, саланы одан әрі дамыту жоспары жөнінде баяндалды.

 

Нұрсұлтан Назарбаев министрліктің алдына қойылған қорғаныс өнеркәсібі деңгейін көтеру және оны технологиялық тұрғыдан жаңғырту міндеттерінің сапалы іске асырылуына қатысты мәселеге назар аударды.

 

Бейбіт Атамқұлов Мемлекет басшысына қорғанысқа арналған мемлекеттік тапсырысты қалыптастырудың қазіргі алгоритмін жетілдіру үдерісі, сондай-ақ, «Қазақстанның киберқалқаны» тұжырымдамасын әзірлеу барысы туралы баяндады.

 

Дулат НУРКИН

Хабарламаларға жазылу